Бүгін біздің мектепте өткен жалпы жиналыста мектеп президенті А.Асқар және Бала өкілі Ш.Талғатқызы “Бала үні” тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында оқушылардың пікірін тыңдау, ұсыныстарын қабылдау және мектеп өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Мектеп президенті және Бала өкілі оқушы үні - тек сөз емес, ол әрбір оқушының өз ойын ашық айтып, ортақ шешім қабылдауға үлес қосуы екенін айтты. Сонымен қатар, ол оқушыларды мектепті дамытуға бағытталған түрлі бастамалар мен жобаларға белсенді атсалысуға шақырды.
10.11 күні 9,10 сынып қыздарымен “Салауатты өмір салтын сақтау, вейп(электронды темекі) зияны” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп психологтары және медбике қатысты
