Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы
Жүгіру жолы
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы

Іле ауданы мектептерінің оқушы қыздары арасында өткізілген <<Мерген ару - 2026>> аудандық сайысына қатысып, мектебіміздің қыздары командалық есепте:
I-ОРЫН
Жекелей есепте:
Амангельдиева Анеля II-ОРЫН
Серікхан Балым 
III-ОРЫН
Абдухалыкова Дария
III-ОРЫН 
Хамитова Жания 
IV-ОРЫН
алып марапатталды.
Облыстық кезеңге 3 қыз шықты.
Жеңісті күндеріміз көп болсын.


Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінің қолдауымен ұйымдастырылған "Аспантаудан ұшқан ақиық" атты Мұқағали оқуларынан жүлделі I-ОРЫНДЫ иеленген 9 сынып оқушысы Шорман сырым ақшалай сыйлықпен марапатталды.Жетекшісі ӘДІЛ ТАҢНҰР


9-11 сынып қыздар арасында ұйымдастырылған Волейболдан Ұлттық мектеп лигасы жарысында жүлделі 2-орын


Іле ауданы бойынша *5-6 сынып* ұлдар арасында *баскетболдан* өткен аудандық *"ұлттық мектеп лигасы"* жарысында оқушыларымыз жүлделі *lll-орын* иеленді. Жетекшілері: *Бағдат Тоқтасынұлы* *Нурсейт Матжанұлы* Жеңісті күндеріміз көп болсын


6 "Г" сынып оқушысы *Дарханұлы Рухан* *"үздік ойыншы"* номинациясымен марапатталды


7-сыныптар мектепішілік олимпиада


А.Тоқпанов № 42 орта мектебі, [29 ноя. 2025 в 21:44] 9–11 сынып қыздар арасында волейболдан өткен "24 лицейдің 10 жылдық мерейтойына" арналған аудандық жарыста мектебіміздің қыздар командасы жүлделі II-орынды иеленді. Жетекшілері: Миржан Оралханұлы Жақсылық Ержанұлы 


А.Тоқпанов № 42 орта мектебі, [18 дек. 2025 в 13:57] Айтыскер ақын О.Досбосыновтың 50 жылдығынп орай "Өшпейді Оразалы үні" атты облыстық байқауда Алматы облыстық әмбебап кітапханасынан 9 а сынып оқушысы ШОРМАН СЫРЫМ Алғыс хат иеленді. 


А.Тоқпанов № 42 орта мектебі, [20 дек. 2025 в 15:55] Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай футзалдан 5-6 сынып қыздар арасында ұйымдастырылған Іле ауданының ашық біріншілігінде қыздарымыз жүлделі lll-орын иеленді Жетекшілері: Алдабергенов Наурыз Джаманбаев Асет Жеңісті күндеріміз көп болсын.


6 Г сынып оқушысы Дарханұлы Рухан
Дубайда өткен “Өнер Керуені”байқауында бас жүлде алды!


Алматы облысының Мәдениет басқармасы мен Алматы облысының шығармашылық орталығы 14 қараша күні Еңбекші қазақ ауданының Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде
"Балауса"- 2025 жасөспірімдер арасында облыстық өнер байқауын өткізді.42 орта мектептен
вокал номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп облыс әкімінің бас жүлдесі 100 000(жүз мың теңге) сертификатты 8 "Ж" сынып оқушысы Қызайбай Әбілмансұр иеленді.
Жетекшісі Дуйсебаева Қалимаш Тұрсынқұлқызы


20.11.2025ж 42 орта мектебінде Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АПБ ЮПТ полиция капитаны Бейдинчанов Тахир Хусайинович 9, 10, 11 сынып білім алушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілікті сезіну, мектеп тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары, интернеттегі қауіпсіздік, қоғамдағы тәртіп нормалары жайлы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
окушыларга


14.11 күні «Өзін-өзі басқару» ұйымы Дебат фракциясының ұйымдастыруыменен оқушылардың сыни ойлауын дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу және шешендік қабілетін арттыру мақсатында дебат сайысы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар берілген тақырып бойынша өз ұстанымдарын қорғап, қарсы тараптың пікіріне логикалық дәлелдемелермен жауап берді. Дебат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Қазылар алқасы қатысушылардың сөйлеу мәдениетін, уәжді дәлелдерін, сұрақ қою және жауап беру дағдыларын бағалады. Іс-шара соңында үздік пікір білдірген оқушылар анықталып, марапатталды. Дебат оқушылардың көшбасшылық, шешендік және талдау қабілетін қалыптастыруға зор үлес қосты. Марапаттау сәті оқушылардың ынтасын арттырып, алдағы іс-шараларға қызығушылығын күшейтті. Бұл марапаттар олардың мектеп өміріндегі жетістіктерін айқындап, жаңа белестерге жетелеуге ықпал етеді.


Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 11-сынып оқушысы Байжұман Бекзат 3-орын, жетекшісі А. Четыкбаев, 9-сынып оқушысы Кенжебекова Назерке 2-орын, жетекшісі Н. Аманбаева,11-сынып оқушысы Аманқал Аслан 3-орын, жетекшісі Н. Шамғұн,9-сынып оқушысы Супатаева Жадыра 2-орын, жетекшісі М. Бердибекова.


Аудандық олимпиада

Аудандық физика пәнінен 10-сыныптар арасында олимпиадаға қатысқан 10-сынып оқушылары Аманқал Аслан, Молдахмет Абылай 2-орын иеленді. Жетекшісі Н. Шамғұн.