Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы
Жүгіру жолы
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы

“Тіл достықтың- көпірі” атты мақал-мәтел сайысы
Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай 3-сыныптар арасында “Тіл достықтың- көпірі” атты мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.Сайыс 3 кезең бойынша өтті. І-кезең «Жалғастыр», ІІ-кезең «Кім жылдам?», ІІІ- кезең «Суретпен сөйлет». 3 кезең бойынша ең көп ұпай жинап 3 «Б» сынып білім алушылары жүлделі І-орынды, ІІ-орын «Г», «Д», ІІІ-орын «Ә», «Ғ», «З»  сыныптары иеленді. Бүгінгі сайысымыз қазақтың асыл мұрасы – мақал-мәтел арқылы тіліміздің байлығын көрсетті.Ана тілі – ата-бабамыздан қалған аманат. Тілімізді қастерлеп, әрдайым таза сөйлейік!