07.04.2026 күні мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында «Шебер қолдар әлемі» тақырыбында ерекше форматта көрме-байқау өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолөнерге деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Көрме барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын көпшілікке ұсынып, әр жұмыстың жасалу жолы мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп, шеберлікпен қорғап шықты. Әрбір туындыдан балалардың еңбекқорлығы, ізденісі мен қиялы айқын көрініс тапты. Барлық сыныптар белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау көрсетті. Байқау оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, олардың сөйлеу мәдениеті мен өзін-өзі таныта білу дағдыларын да дамытуға ықпал етті. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған 11 «Ә» сыныбына ерекше алғыс білдіреміз. Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.