2026 жылғы 13 қаңтар күні мектепте кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары аясында «Халықаралық Қазақ-Қытай тілі» колледжінің мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға колледжде дайындалатын мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау ережелері, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараға 9-11 сынып білім алушылары қатысып, мамандар тарапынан кәсіби өзін-өзі анықтау, мамандықты саналы таңдау бойынша кеңестер алды.
Аталған кездесу білім алушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға оң әсерін тигізді.
