14.11 күні «Өзін-өзі басқару» ұйымы Дебат фракциясының ұйымдастыруыменен оқушылардың сыни ойлауын дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу және шешендік қабілетін арттыру мақсатында дебат сайысы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар берілген тақырып бойынша өз ұстанымдарын қорғап, қарсы тараптың пікіріне логикалық дәлелдемелермен жауап берді. Дебат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Қазылар алқасы қатысушылардың сөйлеу мәдениетін, уәжді дәлелдерін, сұрақ қою және жауап беру дағдыларын бағалады. Іс-шара соңында үздік пікір білдірген оқушылар анықталып, марапатталды. Дебат оқушылардың көшбасшылық, шешендік және талдау қабілетін қалыптастыруға зор үлес қосты. Марапаттау сәті оқушылардың ынтасын арттырып, алдағы іс-шараларға қызығушылығын күшейтті. Бұл марапаттар олардың мектеп өміріндегі жетістіктерін айқындап, жаңа белестерге жетелеуге ықпал етеді.
