А.Тоқпанов № 42 орта мектебі, [29 дек. 2025 в 23:19] Іле ауданы А.Тоқпанов ауылы N42 орта мектебінде жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау, қамқорлық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау, балаларды қуанышқа бөлеу арқылы олардың білімге деген ынтасын арттыру мақсатында Іле ауданы А. Тоқпанов ауылының әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы және Іле аудандық мәслихат төрағасы Карибаев Мұхит Бахытұлы жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебіміздің білім алушыларымен жүздесіп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Ізгі ниетпен келген қонақтар білім алушыларға тәтті сыйлықтар табыстап, жас ұрпаққа шаттық пен қуанышқа толы мерекелік көңіл күй сыйлады.