Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы
Жүгіру жолы
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы

28 қараша 2025 жылы 42 орта мектебінде «Еріктілер - мейірім елшілері» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға еріктілік қызметінің маңызын түсіндіру, мейірімділік, жанашырлық, азаматтық белсенділік қасиеттерін дамыту және қоғам өміріне пайдалы істерге жұмылдыру.

Шара барысында оқушыларға еріктілер қозғалысының мәні мен мақсаттары туралы ақпарат берілді, бейнематериал көрсетіліп, топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар «Еріктінің қасиеттері», «Ерікті қандай істер атқарады?», «Мектептегі еріктілік жобалары» бағытында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Жақсылық эстафетасы» ойыны ұйымдастырылып, оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шараға 8 сынып оқушылары және мектеп әкімшілігі қатысты. Оқушылар еріктілікке қызығушылық танытып, алдағы уақытта мектеп жанындағы еріктілер клубына белсенді қатысуға ниет білдірді.