09 желтоқсан 2025 жылы Алматы облысы Іле ауданы «42 орта мектебі» МКМ-нде « Жас маманға қолдау, кәсіби өсуге жолдау» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Мақсаты: Жас маманның кәсіби дамуына бағыт бағдар беру, қолдау көрсету. Бұл семинарға №6,31 тірек мектеп мұғалімдері қатысты. Бағдарлама кестесіне сәйкес мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісуде ашық сабақ, шебер сыныптар, коучингтер мен тренинг көрсетті.
Мектеп директоры Г. Сагимбекова семинарға келген жас мамандарға кәсіби дамуына сәттілік тілей отырып, педагогикалық жолда табыс пен шыдамдылық, білім беру саласындағы жаңашылдықтарға бейім болуға шақырды. Семинарға қатысқан ұстаздар мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.