Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы
Жүгіру жолы
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы

2026 жылдың 15 қаңтар күні “Заң мен тәртіп” айы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мектеп директоры Г. Сагимбекова 5-11 сынып білім алушыларымен мектеп формасын сақтау, мектепішілік ережеге бағыну, сабаққа кешікпеу және себепсіз сабақтан қалмау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Білім алушыларға мектепішілік тәртіп ережелері, білім алушының құқықтары мен міндеттері, сабақ тәртібін сақтамаудың салдары, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.
Түсіндірме жұмысының мақсаты: білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, мектеп формасын сақтау, мектепішілік ережелерге бағыну, сабаққа кешікпеуге және себепсіз сабақтан қалмауға тәрбиелеу.