03.12.2025жылы өскелең ұрпақты патриоттық және әскери патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында, 6 «Ж» «Жас сарбаз» сыныбы 2177 әскери бөліміне экскурсияға, танысу сапарымен барды. Білім алушылар әскери бөлімнің құрылысын, жабдықтарын, әскери өмір салтын және ұшқыштар қызметінің атқаратын міндеттерін көріп, көкейкесті сұрақтарын қойды.
Бұл сапар жас ұрпаққа әскери қызметтің маңызын, тәртіп пен жауапкершілікті тәрбиелейтін сапар болды. Сапар соңында балалар өз әсерлерін айтып, болашақта Отан қорғауға адал болуға ниетті екенін білдірді.
