Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы
Жүгіру жолы
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы

25.11.2025 ж "42 орта мектебі" МКМ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нурбосынов «Тәрбие менеджменті» тақырыбында әріптестермен іс-тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру бағыттары, мектептегі тәрбие үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, сынып жетекшілермен жұмыс формалары, оқушылардың қабілеті мен мінез-құлқын зерттеу тәсілдері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, тәрбие менеджментінде инновациялық тәсілдерді енгізу, цифрлық құралдарды қолдану, ата-аналармен серіктестік орнату жолдары көрсетілді. Тәжірибе алмасу сессиясы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал етіп, мектептің тәрбие жүйесін дамытуға жаңа серпін берді.