Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 9-қосымшаның «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сәйкес № 42 орта мектепте тасымалдау жүргізіледі. Мектебімізде заңнамаға сәйкес құжаттар қабылданып, 288 оқушы «Мелиоратор,Ветеран, Ветеран-12, Дачник, Ягодка, Оптимист, Достық, Крылья, Волна, Еңбек, Приозерная, Водник» саяжайдан, Балтакөлден тегін тасымалмен қамтамасыз етіледі.
17 рейспен қамтылды. Сабақ кестесінің үш аусымға ауысуына байланысты рейс саны көбейді. Білім алушыларға көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы сынып жетекшілері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Ұстаздар тарапынан кезекшілік құрылып кезекшілік атқарылады.Оқушылардың барып келуін қадағалайды. Автобустың қозғалыс кестесі, уақыты бекітілген. Саяжайлардан білім алушыларды жеке кәсіпкер «Егетай» тасымалдайды. Автобус жүргізушілері өз міндеттерін жауапкершілікпен орындайды. Автобустар арнайы тексеруден өткен, жүргізушілердің арнайы медициналық тексеруден өткен құжаттары бар. Автобустар өз уақытымен кестеге сәйкес жұмыс жасауда. Оқушыларды бекітілген кесте бойынша тасымалдануда. Қатынап оқитын оқушыларға қауіпсіздік ережесі түсіндіріліп және мектеп әкімшілігі жағынан бақылауда.