10.11 күні 42 орта мектебінде ұлтымыздың ұлы ғалымы, академик Орымбек Жәутіков атындағы кабинеттің ашылу рәсімі өткізілді. Мектебінің ардагер ұстазы Керимбаева Бақытқан апай мен Республика көлемінде аты танылған «Үздік математик» Тәуекел Қуанған ағай қонақ болып келіп кабинетіміздің ашылу лентасын қиды. Бұл шараның Мақсаты: О. Жәутіковтың өмірі мен еңбегін ұлықтау, оқушыларға үлгі ету. Ұлттың рухани байлығын - ғылым мен білімді өмірінің өзегіне айналдырған ғалымның бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Математик болу - жай ғана мамандық емес, ол - сана мен рухтың биігі.