Мектебімізде кино актерларымен кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа, мақсатқа жету жолында тынымсыз ізденуге тәрбиелеу болды. «Арманда, еңбектен, жет!» атты бұл кездесу барысында актерлер өз өмір жолдарынан, өнерге келу тарихынан, кездескен қиындықтар мен оны еңсеру жолдарынан сыр шертті.
Кездесу өте әсерлі өтті. Оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шығармашылық саланың қыр-сыры туралы мол мағлұмат алды. Актерлер жастарды өз армандарына жету үшін еңбектенуге, табандылық пен жауапкершілікке шақырды.