2025 жылдың 10 желтоқсан күні 9, 10 және 11-сынып қыздарымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында тәрбиелік жиналыс өткізілді. Іс-шараға мектеп медбикесі, сынып жетекшілері, ДТІЖО Г. Есболова және мектеп психологы қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балалардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуін арттыру, әдеп пен мәдениеттілік нормаларын сақтау, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру және жасөспірім кезеңінде кездесетін мәселелер туралы сауатты түсінік беру болды.
Кездесу барысында қыз тәрбиесінің қоғамдағы рөлі, қыз баланың өзін-өзі ұстау мәдениеті, жеке гигиена, психологиялық қауіпсіздік, достық қарым-қатынас, өз абыройын сақтау, сыртқы және ішкі мәдениетке қатысты маңызды тақырыптар талқыланды.
