Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы
Жүгіру жолы
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы

2025 жылдың 10 желтоқсан күні мектебімізге Алматы гуманитарлық–педагогикалық колледжінің «Қадам» дебат клубының мүшелері арнайы келіп, дебат ойынына белсенді қатысатын оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қонақтар дебат форматы туралы тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға арналған «Үлгі ойын» көрсетті.

Бұл шара жас пікірсайысшылардың сөз мәдениетін, талдау дағдыларын және шешендік қабілеттерін дамытуға бағытталды.Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, дебат клубтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізді.