Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы
Жүгіру жолы
«№ 42 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы білім басқармасы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы

Бастауыш бірлестігі онкүндігі аясында мұғалімдердің эмоционалдық жай-күйін жақсарту және кәсіби шабыт алу мақсатында «Арт-терапия: Жаныңды түспен емде» атты ерекше тренинг өтті. Күнделікті қарбалас жұмыс пен сабақ беруден бір сәт демалып, ұстаздарымыз ішкі әлемдеріне саяхат жасады. Түстер терапиясы: Мұғалімдер өз сезімдерін бояулар арқылы ақ қағазға түсіріп, стресстен арылды. Релаксация: Музыка сүйемелдеуімен жүргізілген жаттығулар ұжымдағы ауызбіршілікті нығайта түсті. Рефлексия: «Білім ағашына» өз тілектері мен алған әсерлерін іліп, рухани қуат алды. Ұстаз бақытты болса - шәкірті де бақытты! Шығармашылыққа толы күн бізге жаңа серпін берді.