Оқушылардың денсаулық мәдениетін арттыру мақсатында мектеп медбикесі антибиотиктерді дұрыс қолдану, олардың пайдасы мен зияны туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру барысында антибиотикті өз бетінше қолданудың қауіптілігі, дәрігер кеңесінсіз қабылдауға болмайтыны, сондай-ақ дұрыс қолданбаудың денсаулыққа тигізетін зиянды әсерлері түсіндірілді.
