Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжі мамандары мектебімізге келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға түрлі мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беріліп, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар таныстырылды. Іс-шара барысында колледж өкілдері оқу орнының артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кәсіби бағдар беру кездесуі оқушыларға болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар алуға үлкен мүмкіндік берді.
Мектебімізде KSPN Медициналық колледжі мамандарының қатысуымен 9–11 сынып білім алушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді. Кездесу барысында колледж өкілдері білім алушыларға медициналық мамандықтардың ерекшеліктері, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, медицина саласының маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі түсіндіріліп, бұл бағытты таңдаудың жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына бағыт-бағдар берді.