2025-2026 оқу жылында мәртебесі бар оқушылардың тұрмыс жағдайын ескере отырып, көп балалы, аз қамтылған жетім, толық емес отбасы , бастауыш сынып оқушылардың мектеп асханасынан ЖБББ қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12788 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы, тамақтандыру жұмыстары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығымен білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптар негізінде ұйымдастырылды. Ата-ана өтініші қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оқушылар ыстық тамақпен қамтылды.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан 2025 - 2026 оқу жылындағы 1 тоқсанда 1 - 11 сыныпта барлығы 2416 білім алушы. 1 - 4 сыныпта 997 білім алушы, оның ішінде 8 білім алушы үйден оқытуда. 5 - 11сыныптан ішінде 157 білім алушы, жалпы алғанда 1147 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп асханасын жалға алушы ЖК "АДИНА - МЕДИНА" Г.Момынкулова. Мектеп асханасының жалпы аумағы 272,7 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде білім алушылар тамақтанатын орын аумағы 165,6 шаршы метр. Білім алушылар тамақтану кестесіне күніне 2 ауысыммен тамақтанады. Әр тамақтану кезеңінің арасы 15 минутты құрайды. Асханада ас әзірлеу үшін 2 плита, азық түлік сақтау үшін 4 мұздатқыш (арендатор тарапынан), 7 тоңазытқыш (арендатор тарапынан) қойылған. Барлық жабдықтар мектеп балансында немесе арендатордың өзі сатып алды.