42 орта мектебі «Өзін - өзі басқару ұйымы»ның Бала өкілі Талғатқызы Шырын 2025 жылдың 1 желтоқсан 6 - сынып оқушыларымен «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында танымдық іс - шара өткізді.
Іс - шараның негізгі мақсаты - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық - зомбылық түрлерін түсіндіру, кез келген агрессия мен күш көрсетуге жол бермеу мәдениетін қалыптастыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған дағдыларды дамыту.