Аттестация бойынша Zoom платформасында онлайн жиналыс 08 қаңтар күні өтті. Жиналыс барысында педагогтердің аттестациядан өту тәртібі, негізгі талаптар, құжаттарды рәсімдеу жолдары және жиі кездесетін қателіктер жан-жақты түсіндірілді. Жиналыс өткізушы аттестациядағы кемшіліктердің көпшілігі білімнің жоқтығынан емес, талаптарды толық түсінбеуден туындайтынын атап өтті. Сондықтан ең бастысы - қолданыстағы ережелерді нақты білу, жүйелі түрде дайындық жүргізу және әрбір ұсынылатын құжатқа дәлелді, нақты мәліметтерді дұрыс ұсыну қажеттігі айтылды.
