06.11.2025 жылы жас мамандардың кезекті №2 отырысы өтті. Күн тәртібі негізінде айтылған барлық мәселелер талқыланды.
Отырыстың басы математика пәні мұғалімі І.Бақытжан мен физика пәні мұғалімі М.Тугелбаеваның мұғалімдерге арнап дайындаған «Өз мүмкіндігіңді аш!» тренингімен басталды.
МО жетекшісі Л.Кистабаева I-тоқсанда әр ұстаздың атқарған жұмыстарын атап өтті. Алда жоспар бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы талқыланып, жауапты ұстаздар бекітілді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері С.Байжұма мен Ж.Байдани және бастауыш пәні мұғалімі А.Егімбай «SMART World:ЖИ мүмкіндіктері тақырыбында өз тәжірибелерінде қолданып жүрген жасанды интеллектермен бөлісті. Олар gamma, schoolmagic.ai, diffit сынды платформалармен таныстырып өтті. Сонымен қатар осы аталған платформаларды практикум жұмыстарын жүргізді.
